
2024 жылғы 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы (АПҚКО) жұмысы аясында мектепте ата-аналар жиналыстары өткізілді. Жиналыстар келесі тақырыпта ұйымдастырылды:
«Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты басымдығы»
Жиналыс барысында келесі мәселелер талқыланды:
-
Ата-аналарды мектептегі психологиялық қызметтің жұмысы туралы ақпараттандыру;
-
«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін жауапкершілік» туралы заңмен таныстыру;
-
Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік ережелері:
-
бейтаныс адамдармен қарым-қатынас;
-
интернет-алаяқтар;
-
бейәдеп сөздер мен қорлайтын сипаттағы хабарламалар үшін жауапкершілік;
-
ата-ана бақылауы;
-
деструктивті топтарға қосылу.
(ҚР ҚК 273-бабы, ҚР ӘҚБтК 438-бабы);
-
-
2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен таныстыру;
-
Міндетті мектеп формасын кию ережелері туралы естелікпен таныстыру;
-
Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды ішкі есепке қою туралы №61 бұйрықпен таныстыру;
-
Балалар арасындағы агрессиялық мінез-құлықтың алдын алу;
-
ҚР ҚК 297-бабымен таныстыру – «Есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу мақсатында алып жүру».
https://www.instagram.com/p/DAp-In7uwjV/?igsh=Z3I3enRrdTJ3aHh2