
????✨ Мақтанышқа лайық отбасы
⠀
Яковенко отбасы — «Бақытты отбасы» номинациясының жеңімпаздары ,берік, тату және жан-жақты дамыған отбасының жарқын үлгісі.
⠀
Ата-аналар мектеп өміріне белсенді қатысады: жиналыстарға келеді, іс-шараларға атсалысады, бастамашылық танытады. Екатерина Сергеевна — мектептегі қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
⠀
Балалары — тәрбиелі, шығармашыл және өмірге деген белсенді көзқарасы бар.
⠀
Яковенко отбасы — бұл өзара қолдау, түсіністік пен құрмет. Олар тек балаларын ғана емес, бүкіл мектеп қауымдастығын дамытуға өз үлесін қосуда.
⠀
Мектебімізде осындай отбасылардың бар екеніне қуанамыз!