
Мектебімізде 5–15 қыркүйек аралығында қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – 5 қыркүйек, яғни Қазақстан халқы тілдері күніне орай арнайы декада ұйымдастырылады. Декаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін дамыту, сондай-ақ еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің достығы мен ынтымағын нығайту.
Осыған орай 5 қыркүйек күні мектебімізде «Тіл – тұтастық туы» атты саптық жиын өткізілді. Жиын барысында оқушыларға мерекеге арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды.
https://www.instagram.com/p/DOYXB-wDN1m/
https://www.instagram.com/p/DOYXQPDjFGN/