back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Мектепшілік іс-шаралар
07-12-2023 23:12
2023 жылдың 04-07 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген 2023-2025 жылдарға арналған ұлттық адами құндылықтарға негізделген "Біртұтас тәрбие бағдарламасының" басты мақсаты - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеуді жүзеге асыру мақсатында  "Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім"  тақырыбында қалалық және облыстық  форум болып өтті.
Форумның міндеттері :
1.Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға қатысу;
 2.Қазақстанның ұлттық мүддесіне қызмет етуге дайын болу; 
3.Қоғам игілігі үшін қызмет ету;
4. Қазақстандық имиджді қалыптастыруға белсенді ықпал ету; 
5.Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу;
6. Ұлттық мұраға ұқыпты қарау; 
7. Ұлттық мәдениетті дәріптеу; 
8. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.
 Бұл мақсат – міндеттер  мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтармен    жүзеге асырылу керек.   Осы мақсаттағы   форумға 9 лицей ұжымы 4 күн бойы атсалысты. Форумның алғашқы күні лицейімізде "Ұлттық мүдде"құндылығы негізінде жасалып жатқан жұмыстар ұсынылды. Соның бірі "Асық ату" 9 айға 9 шара барысында  1- сыныптар 2- сыныптарға, 2- сыныптар 3- сыныптарға, 3- сыныптар 4- сыныптарға, 4- сыныптар қала мектептеріне челлендж жолдады.
 
2. "Асық ату " ойыны бойынша макет жасалынып, QR кодпен ойын шарттары берілді. Асық макеті жасалынып, әр қырына мәлімет пен челлендж QR кодпен берілді.
 
 
3. Бастауыш сынып оқушыларына арналған түрлі логикалық тапсырмалар, саусақ моторикасын дамытатын "Асық терапиясы", үстел ойыны, көңілді шеңбер, алтын қоржын, санамақ, логикалық үшбұрыш, асық арқылы сағатпен танысу арқылы ұлттық құндылығымызды жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында жасалынған жұмыстарын ұсынған бастауыш сынып мұғалімдері жауапкершілікпен қатысты.
07 желтоқсан күнгі облыстық көрмеге де осы жұмыстар ұсынылып тәжірибе бөлістік.
Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы, ұрпақ тәрбиесінің бастауы ...

         

     

Жауапты директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Хавалхан

* 03.02.2023ж. Теміртау қаласы білім бөлімінің  "9 лицейі " КММ- де  3-4- сыныптарда "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.                       

https://www.instagram.com/p/CoM_sJkIfSY/?igshid=NDdhMjNiZDg=

* 2023 жылдың 28 ақпанында "№9 лицейі" КММ -де  инклюзивті білім беру айлығы аясында қалалық семинар өтті.  Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда практикалық тәжірибе алмасу, бастауыш сынып мұғалімдері Джалмурзаева Г.Х., Шалабаева Э.М., география пәні мұғалімі Азимкулова У.У. және педагог-психолог Дорбетхан Н. логопед-дефектолог Адылбекова М.К. тәжірибесімен бөлісті.  Бұл семинарға қаланың жалпы білім беретін  мектептерінен  дефектолог-логопедтер, педагог-психологтар, жас мамандар  қатысты.

https://www.instagram.com/p/CpNIy6fIufM/?igshid=MWNmMTk3NmQ=

* 03.03.2023 жылы Қарағанды облысы білім басқармасының «Теміртау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  мен Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" КММ бірлесе отырып, "Бастауыш мектеп оқушыларының  оқу жылдамдығындағы  қиындықтар мен кедергілерді анықтау және жою жолдары" тақырыбында бастауыш сыныптар бойынша жас мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар - практикум өткізді.Семинар- практикумде мұғалімдер бастауыш сыныпта оқу жылдамдығын төмендететін қиындықтар мен кедергілерді анықтап, жою жолдары бойынша тәжірибе алмасып, әдіс- тәсілдермен бөлісті. Семинар соңында жас мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, алғыс  білдірді. Жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хавалхан Рахия

 

                 

 

https://www.instagram.com/p/CpcjmE1NIVb/?igshid=MDJmNzVkMjY=

*  2023 жылы 9 наурызда

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен  жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары үшін «Мектепте «Bulling» – ке жол жоқ», тақырыбында вебинар (мемлекеттік тілінде) өткізілді.

    

https://www.instagram.com/p/CpkicNWoaT_/?igshid=MWNmMTk3NmQ=

Новости