Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
8.09.2023 ж. Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 Лицейі" КММ - де 1- сынып оқушыларының ата- аналарымен 2023 – 2024 оқу жылы бойынша 1- сыныптардағы оқу-тәрбие іс - әрекетінің жүргізілу барысымен таныстыру мақсатында мектепішілік жиналыс өткізілді. Жалпы жиналыстан кейін әр сыныпта “Баланың бас ұстазы-ата-ана” тақырыбында жиналыс жасалды. Сынып жетекшілері ата-аналармен танысу тренингінен бастап, балалары туралы қызықты сұрақтарға жауап жазғызып, шағын мәлімет алды. Жиналыстың екінші бөлімінде басты тақырып бойынша ата-аналарға проблемалық сұрақтар берілді. Бүгінгі таңда туындаған бала тәрбиесіне байланысты проблемалық сұрақтарды да өзара талқылап шешімін тапқандай болды.
Қорыта келе, ата-аналармен жиналыс ұйымдастыру - олардың өз пікірін білу, бала тәрбиесінде кездесетін ортақ проблемаларды мектеп - оқушы - ата -ана үштігімен бірлесе отырып шешуді мақсат етті.