back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Мектептің даму бағдарламасы

  1. 2021-2025 оқу жылына арналған

"№9 лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

мектепті дамыту бағдарламасының паспорты

МДБ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III "Білім туралы" Заңы
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV "Ғылым туралы" Заңы
  • Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI "Педагог мәртебесі туралы" Заңы
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  • Бала құқықтары туралы Конвенция (Нью-Йорк, 1989 жылғы 20 қараша) (ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы№ 77 қаулысымен ратификацияланған)
  • ҚР "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы;

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына жолдауы.

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 02.09.2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы.
    • Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласының білім  бөлімінің«№9 лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жарғысы.14.01.2021.
  • Жалпы білім беретін мекемелердің жағдайына және оларды оқытуды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  •  Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен СанПиН нормативтері.

Мектеп миссиясы

Ғылыми-техникалық серпіліс жасауға  дайын, кемел ұрпақ  тәрбиелеу.

МДБ мақсаты

Білім алушының білім мен ғылымға бәсекелестік қабілеттілігін арттыру және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу.

Міндеттер

1-стратегиялық бағыт. «Білім беру сапасын дамыту»

  • Білім сапасына мониторинг жүргізу.
  • Мектепішілік олимпиадалар, ғылыми-зерттеу жобаларының жұмысын жүйелеуде оқушылардың «Жас өркен» ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
  • Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде олимпиадаға, байқауларға, жарыстарға қатысатын оқушылардың мәліметтер базасын жинақтау.
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Оқу шаттығы», «Таным», «Өлкетану және туризм», «STEM эксперименттер» жобаларын енгізу.

2-стратегиялық бағыт. «Адами ресурстарды  дамыту».

  • Мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында кәсіби байқаулар өткізу.
  • «Педагог шеберханасы» педагогикалық шеберханасын ұйымдастыру.
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған семинарлар ұйымдастыру.
  • «Педагогикалық идеялар» іс-тәжірибе тарату жұмыстарын жүргізу.
  • Оқу мен оқытудың сапасын жақсарту мақсатында «Іс –әрекетті зерттеу»,«Lesson Study» сабақты зерттеу жұмысын жүргізу.

3-стратегиялық бағыт. «Басқарудың алқалы формасын дамыту»

  • Қамқоршылық кеңестердің жұмыстарын жандандыру, дамыту, сапалы білімге қолжетімділікті арттыру үшін бюджеттен тыс инвестициялар тарту.
  • Тәрбие жұмыстарын жетілдіру, оқу мен тәрбие үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету.
  • Оқушыларды мамандыққа баулу мақсатында қоғамдық- әлеуметтік жобалар жұмысын ұйымдастыру.

4-стратегиялық бағыт. «Оқу процесіне жағдай жасау»

  • Оқу кабинеттерін, зертханаларды заманауи талаптарға сай жабдықтау.
  • Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қалыптастыру арқылы кәсіптік жұмыс жағдайында, үнемі өзгеріп отыратын технологиялардың, стандарттардың, ақпараттық ресурстардың жағдайында, жеке – дара танымын өз бетінше ұйымдастыра алатын қабілетті тұлғаның рефлексивті өзін – өзі ұйымдастыру дағдысын дамыту.

5-стратегиялық бағыт. «Мектептің жеке ерекшеліктері»

  • Оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әулеуетін дамыту және ғылыми –зерттеу қызметіне жағдай жасау. Білім беру процесінің барлық кезеңдерінде сапалы STEM-білім беруді қамтамасыз ету.

МДБ күтілетін нәтиже

                                    1-стратегиялық бағыт

«Білім беру сапасын дамыту»

1.Білім сапасы 43% дан 63% көтеріледі.

2.Республикалық,облыстық  деңгейдегі пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу жобалары конкурстарына қатысатын оқушылардың үлесі 31% -дан 50%-ға дейін көтеріледі.

3.Білім,білік, дағдыларды сабақта жүйелі қолдануға бағыттау,оқу сауаттылығы, жаратылыстану-математикалық сауаттылығы, инженерлік сауаттылығы артады.

4.Әртүрлі бақылау түрлерін ұйымдастыру.

2-стратегиялық бағыт

«Кадрлық әлеуетті дамыту»

1.Зерттеуші, сарапшы  санатты педагогтар үлесі 50% артады.

2.Біліктілікті арттыру курстарын, оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны, пәндерді ағылшын тілінде оқытуды бойынша өткен педагогтер үлесі артады.

3.Кәсіби құзыреттерін: көшбасшылық қасиеттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын, бастамашылдығын, мектеп мұғалімдернің заманауи білім беруде ақпараттық технологияларын меңгерген мұғалімдер  инновациялық жобаларға қатысушы мұғалімдер үлесі 70%

4.Педагогтердің арасында білім магистрлер  саны көбейеді.

5. НЗМ тәжірибелерін білім беру үрдісінде жалғастыру арқылы іс тәжірибелер таратылады.

6. Пәндер бойынша зерттеу сабақтарын өткізу арқылы оқыту мен оқу сапасы жақсарады.

3-стратегиялық бағыт

«Басқарудың алқалық нысанын дамыту»

1.Оқушылардың білімін арттыруға, баланың жеке басын қалыптастыруда балалардың тәрбиесіне жауаптылығын  мұғалім –оқушы- ата-ана үштік одақтың жұмысы бала тәрбиесіне мектептің өміріне белсене қатысатын ата-аналар саны 54%-тен 80%-ға артады.

 

2. Сынып жетекшілердің кәсіби шеберлігін, мектепшілік қалалық, облыстық сайыстарға коучинг вебинарларға қатыстыру арқылы сыныптардағы тәрбие жұмысының  тиімді жақтары артады.

3.Мектеп оқушылары арасындағы әл-ауқаты төмен отбасыларға демеушілік көмек көрсетушілер саны 4-тен 15-ке дейін өседі.

4.Оқушыларды мамандыққа баулу мақсатында қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік серіктестіктер саны артады

4 стратегиялық бағыт

«Білім беру үдерісіне жағдай жасау»

1.Кітапхана қорының шығармашылық әдебиеттер қоры көбейеді.

2.Оқыту құрал –жабдықтарымен қамтамасыз етілетін оқу кабинеттері саны артады.

3.Білім беру ұйымын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіледі.

5-стратегиялық бағыт

«STEM-білім беру»

1.Білім беру робототехникасының әртүрлі бағыттарын және STEAM меңгеруін дамыту, өз пікірлерін дәлелдей білуге үйренеді.

2.Оқушыларды STEM-ге тарту және қызықтыру, қабілетін артады.

3.Мұғалімдердің әлеуетін және STEM пәндерге оқыту сапасы артады.

4.Бастауыш сынып оқушылары болашақта STEM пәндерін оқуға ынтасы артады.

 

МДБдамуының негізгі бағыттары

1.        "Білім беру сапасын дамыту"стратегиялық бағыты.

2.        "Кадрлық әлеуетті дамыту"стратегиялық бағыты.

3.        "Басқарудың алқалық нысанын дамыту"стратегиялық бағыты.

4.        "Білім беру процесіне жағдай жасау"стратегиялық бағыты.

5.        "STEM – білім беру"стратегиялық бағыты. Шығармашылық ізденістен - инновациялық қадамға.      

Бағдарламаны іске асыру кезеңі

I кезең (2021-2022жыл) – нақтылаушы; Талдамалық-жобалау. Мектеп дамуының перспективалық бағыттарын анықтау және оның жаңа сапалық жағдайын айқындау.

 II кезең (2023-2024 жылдар) – қалыптастырушы.  Даму жоспарына сәйкес жүйеленуі.

III кезең (2024-2025 жылдар) – рефлексивті-жалпылама. Даму жоспарының қорытындылау, келесі жоспарға бағыт.

 

МДБ орындауды ұйымдастыру және бақылау

Маусым, желтоқсан

Мектептің даму бағдарламасы:

https://docs.google.com/document/d/1gPy8tu1m_4tca7sQCaULXNWSe7Q88vGR/edit?usp=sharing&ouid=111394622085178081190&rtpof=true&sd=true

 


 

Новости