back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
«Оқуға құштар мектеп»
20-03-2023 15:38

«Оқуға құштар мектеп»  аясында ұйымдастырылған READx

туралы ақпарат

Кітап –адамның жан дүниесінің  асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интелектісінің көрінісі. Рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.

Осы орайда 2022 жыл 02 қараша күні  Қарағанды облысы білім басқармасы, Теміртау қаласы білім бөлімі  «№ 9 лицей»  кітапханасында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  READx  конференциясы болып өтті. 

  Спикерлер Жубанаева Гулнар, Бакиров Нурлат, Жолтаева Сандуғаш,Адамкулова Марина  оқырман қауымға өздерінің оқыған кітаптарынан  жарнама жасады.

Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы, Төлеген Айбергеновтың «Атамекен» Міржақып Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» Әнуар Әлімжанов  «Ұстаздың оралуы »  атты шығармалары  оқырманға ұсынылды.

Іс шараның болып өткендігі туралы ақпарат  лицейдің әлеуметтік парақшасына қойылды.

               https://www.instagram.com/p/CkfqMLXM3-h/?ighid=NTU1Mzc3ZGM=

 

       

 

                Кітапхана меңгерушісі:                                Э.Бекбулатова

 

               Кітапханашы :                                                 А.Зайткешова 

Новости