back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №21"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №21"
Система финансирования детских садов пересмотрена в Казахстане
27-12-2024 20:43
Система финансирования детских садов пересмотрена в Казахстане
Қазақстанда балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды
 
Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. Жаңашылдықтың мәні мынада: ата-ана баласына балабақшаны өз бетінше таңдау құқығына ие болады және оның тәрбиесіне қажетті қаражат мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, оның соңынан түседі. Мұндай механизмді енгізу жеке және мемлекеттік балабақшалар арасында салауатты бәсекелестік тудыруға арналған, өйткені олардың басшылығы мүмкіндігінше көп бала тарту үшін білім сапасын арттыруға және кәсіби педагогтарды жалдауға мәжбүр болады.
 
Қазіргі уақытта мұндай механизм Қазақстанның төрт қаласында – Тараз, Шымкент, Түркістан және Оралда пилоттық режимде енгізілген. Алдағы уақытта оны республика бойынша кеңейту жоспарлануда.
 
Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 4,2 мыңнан астам консультативтік пункттер ашылды. Олар балаларды тәрбиелеу мен дамытуда маңызды көмек көрсетеді, олардың білім алуы мен мектепке дайындалуы үшін тең бастапқы жағдайларды қамтамасыз етеді. Биыл 328 мыңнан астам ата-ана мен балаға әдістемелік-педагогикалық қолдау көрсетілді.
Новости