Ата-ананың тәрбиелік рөлі
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исабаева Н.Қ. сөз сөйледі. Өз сөзінде ата-ананың баланың өміріндегі ең алғашқы және ең маңызды тәрбиеші екендігіне тоқталды. Бала бойындағы мінез-құлық, құндылықтар, адамгершілік қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасатыны атап өтілді. Отбасындағы тәрбие үлгісі баланың қоғамдағы мінез-құлқына, оқу үлгеріміне және болашақ өміріне тікелей әсер етеді.
Ата-ананың балаға деген қолдауы, түсіністігі мен қамқорлығы оның тұлға ретінде дамуына, өзіне деген сенімділігінің артуына ықпал ететіні айтылды. Жылы қарым-қатынас орнаған отбасында тәрбиеленген бала жауапкершілікті, еңбекқор және мейірімді болып қалыптасады.
Сөйледі:
Сынып жетекшілер.
Ата-ананың тәрбиелік рөліне ерекше назар аудару қажеттігі айтылды. Отбасындағы тәрбие баланың мінезін қалыптастырып қана қоймай, оның қоғаммен қарым-қатынас жасауына да әсер ететіні түсіндірілді. Ата-ананың үнемі қолдауы мен дұрыс бағыт-бағдары баланың жан-жақты дамуына, мектептегі жетістіктеріне оң ықпал ететіні атап өтілді.
Сонымен қатар, психологтар Баисова А.Х. мен Карабалина А.Б. ата-аналар арасында «Ата-аналардың психолого-педагогикалық қолдауға қажеттілігін анықтау» тақырыбында сауалнама жүргізгені туралы ақпарат берілді.
Шешім:
- Ата-аналарға баланың тәрбиесінде жеке үлгі көрсетудің маңыздылығын түсіндіру.
- Отбасындағы жағымды психологиялық ахуалды сақтау арқылы баланың мінез-құлқын қалыптастыру.
- Ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала дамуына бірлесе қолдау көрсету.
