back-image
"Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Ата-аналарына педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы
26-09-2025 04:34
Ата-аналарына педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы

Ата-ананың тәрбиелік рөлі

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исабаева Н.Қ. сөз сөйледі. Өз сөзінде ата-ананың баланың өміріндегі ең алғашқы және ең маңызды тәрбиеші екендігіне тоқталды. Бала бойындағы мінез-құлық, құндылықтар, адамгершілік қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасатыны атап өтілді. Отбасындағы тәрбие үлгісі баланың қоғамдағы мінез-құлқына, оқу үлгеріміне және болашақ өміріне тікелей әсер етеді.

Ата-ананың балаға деген қолдауы, түсіністігі мен қамқорлығы оның тұлға ретінде дамуына, өзіне деген сенімділігінің артуына ықпал ететіні айтылды. Жылы қарым-қатынас орнаған отбасында тәрбиеленген бала жауапкершілікті, еңбекқор және мейірімді болып қалыптасады.

 

Сөйледі:

Сынып жетекшілер.

Ата-ананың тәрбиелік рөліне ерекше назар аудару қажеттігі айтылды. Отбасындағы тәрбие баланың мінезін қалыптастырып қана қоймай, оның қоғаммен қарым-қатынас жасауына да әсер ететіні түсіндірілді. Ата-ананың үнемі қолдауы мен дұрыс бағыт-бағдары баланың жан-жақты дамуына, мектептегі жетістіктеріне оң ықпал ететіні атап өтілді.
Сонымен қатар, психологтар Баисова А.Х. мен Карабалина А.Б. ата-аналар арасында «Ата-аналардың психолого-педагогикалық қолдауға қажеттілігін анықтау» тақырыбында сауалнама жүргізгені туралы ақпарат берілді.

 

Шешім:

  1. Ата-аналарға баланың тәрбиесінде жеке үлгі көрсетудің маңыздылығын түсіндіру.
  2. Отбасындағы жағымды психологиялық ахуалды сақтау арқылы баланың мінез-құлқын қалыптастыру.
  3. Ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала дамуына бірлесе қолдау көрсету.
Новости