
"Болашақ әлемі" КМҚК бөбекжай мен мектептің сабақтастығы жөніндегі жоспарды іске асыру шеңберінде "Н. Әбдіров атындағы ТМ (РО)" КММ бастауыш сынып мұғалімі Тимофеева Ольга Викторовна "2024-2025 оқу жылына арналған 1-сыныпта оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді, оның барысында 6-7 жасқа дейінгі баланың даму ерекшеліктері мен оқуға дайындығы туралы айтты. Сондай ақ 1 сыныпқа түсу кезінде құжаттарды тапсыру үшін e.bilimal.kz жүйе арқылы мемлекеттік қызметті алу туралы ақпаратты түсіндірді. Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына көмектесу үшін түсіндірме буклеттер таратты.