
“Нұркен Әбдіров (ТМ) РО” КММ - нде наурыз айында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында 3 “Б” сынып оқушыларымен “Тұңғыш ұстаз” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Тыңдаған ақпараттың дұрыс/бұрыстығын ажырата білу, сөздерді, сөйлемдерді дұрыс айту. Оқыған мәтінге атау беру, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қою. Жазбаша сөйлемдер құру.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, сөздерді дұрыс қайталайды, мұғалімнің көмегімен жазбаша мазмұндайды. Оқушылар сабақта белсенділік танытты, білім деңгейлерін көрсетті.