
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» НИК аясында «Нұркен Әбдіров атындағы ОБС (ОҚ) КММ-нің «Көңілді жаз» мектеп жанындағы лагерінде ертегі кейіпкерлерінің құқықтары - «Ертегілер - нақты құқықтар» тақырыбында қызықты викторина өтті. Балалар өздерінің сүйікті ертегілер әлеміне қызығушылықпен еніп, кейіпкерлердің құқықтарының бұзылуына тап болды ма, жоқ па, соны білді. Әйгілі ертегілердегі жағдаяттарды бірге талдап, қандай құқықтар бұзылғанын және оның өмірде қалай алдын алуға болатынын талқыладық. Іс-шара интерактивті түрде өтті - балалар сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар тақырыпты жақсы түсінгендерін көрсете отырып, талқылауда белсенділік танытты. #NIK 2025_09