Сынып сағаты «Менің құқықтарым — менің жауапкершілігім»
12 қаңтар күні 6 «А» сыныбында «Менің құқықтарым — менің жауапкершілігім» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Оқушылар ересектер мен балалардың құқықтарын қорғайтын негізгі құжаттармен танысты:
???? Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекеттің негізгі заңы
???? Бала құқықтары туралы Конвенция
???? Бала құқықтарының Декларациясы
Оқушылар бала құқықтары туралы өз ойларын айтып, мектеп оқушыларының міндеттерін талқылады. Сынып сағатының соңында әр оқушыға мектеп оқушысының міндеттері көрсетілген жадынама таратылды.
Маңыздысы — өз құқықтарыңды білу ғана емес, жауапкершілікті де ұмытпау.