"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)" КММ- ніңбілім алушылар үшін "Реттеуші"тақырыбында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша сабақ өтті.
Сабақ барысында балалар реттеуші мамандығымен танысып, оның жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қандай маңызды рөл атқаратынын білді. Білім алушыларға реттеушінің қимылдарының мағыналары түсіндірілді және мектеп оқушылары мектепке немесе үйге барар жолда кездесетін нақты жол жағдайларын талдады. Сабақ көрнекі мысалдармен және жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің дұрыс әрекеттерін талқылаумен қатар жүрді.