12 қаңтарда Дүниежүзілік Қызыл кітап күні атап өтіледі.
"Жасыл клуб" жобасы аясында оқушыларға "Қызыл кітап беттері бойынша"атты танымдық-экологиялық әңгіме ұйымдастырылды.
Балалар таңғажайып фактілер әлеміне және Қызыл кітап жасау тарихына сүңгіп, оның әр парағының мағынасы туралы білді: қара, қызыл, жасыл, сары, ақ және сұр. Олар кейбір жануарлардың неліктен жойылып кету алдында тұрғанын, ал басқалары ғалымдар мен табиғатты қорғаушылардың күш-жігерінің арқасында біртіндеп қалпына келетінін түсінді. Іс-шара балалардың ой-өрісін кеңейтіп, қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылықтарын арттырды.