back-image
"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ
«Қолжетімді полиция» бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту аясында
26-01-2026 14:49
«Қолжетімді полиция» бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту аясында

«Қолжетімді полиция» бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту аясында
2026 жылғы 26 қаңтарда Абай ауданы ПБ-ның бастамасымен Абай ауданында оқушылардың белгілі спортшылар мен қоғам қайраткерлерімен кездесуі өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, нашақорлықтың алдын алуға және кәмелетке толмағандар арасында заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шараға келесі қонақтар қатысты:
Жүсіпов Аблайхан Қайратұлы — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2025 жылғы бокстан әлем чемпионы, Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2017 жылғы Азия вице-чемпионы, 2017, 2019 және 2021 жылдардағы әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері, сондай-ақ 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президенті Кубогының чемпионы. Ол өз сөзінде спорттың тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырып, теріс ықпалдарға төзімділікті арттыратынын және жастарға дұрыс өмірлік таңдау жасауға көмектесетінін атап өтті.

Сондай-ақ кездесуге Рамазанов Муса Сергеевич қатысты — «Дағыстан» мәдени орталығының (жастар қанаты) төрағасының орынбасары, 2015 жылдан бастап «Боец» жекпе-жек одағының негізін қалаушы әрі жетекшісі, Қарағанды облысы бойынша практикалық ату IPSC федерациясының президенті, толық контактты қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті, Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2023 жылғы қоңыр белбеулер арасында бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионы. Ол белсенді азаматтық ұстанымның, заң талаптарын сақтаудың және өз болашағына саналы көзқарастың маңыздылығын атап өтті.

Өз тәжірибесімен оқушылармен Есілбаева Динара Болатовна — қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы — бөлісті. Ол спорттың мінезді шыңдаудағы, ерік-жігерді қалыптастырудағы және зиянды әдеттерге қарсы тұрудағы рөліне тоқталды.

 

 

 

 

Новости