back-image
КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) имени Ыбырая Алтынсарина» отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) имени Ыбырая Алтынсарина» отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области
Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО) "Наурызым - мерекем, наурызым - берекем!" тақырыбындағы өткізілген шаралардың есебі..
17-03-2023 01:50
Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО)

Наурыз қазақтың жаңа жылы. Жыл басы

Наурыз мерекесін атап өту дәстүрі бойынша, ертеректе патшалар өз тағы мен билігін наурызда бір күн кедей-кепшікке беретін болған. Ұлыстың ұлы күнінде жұмыс істелмейді, іс басталмайды, ешкімді ешкім ренжітпейді, біреуге-біреу дауыс көтеріп, болмаса жаман сөз айтпайды.(қолдап отырады). Халқымыз наурызда даланы Қыдыр ата аралайды деп үйінің есігін ашып отырған. Жастар үлкен кісілерден бата сұрайды, жігіттер қыздарға сый-сияпат жасайды. Ренжісіп қалған азаматтар бір-бірінен кешірім сұрайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған.

Наурыздың15-і  күні бастауыш сыныптар арасында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында "Қош келдің, әз Наурыз!" тақырыбында ата-аналар мен балалар  арасында  сайыс өтті.

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Наурыз мерекесін тойлайтын Шығыс мұсылман халықтарының дәстүрлері, оның ішінде оларда наурыз мерекесін қалай атап өтетіндерін  сонымен қатар, музыкалық номерларын көрсетті.

Қазақ ұлттың ойындарын,  Белорус, Қырғыз ұлттарының ойындарын  ойнады.

 

Ұлттық ойындар мерекесі. 5 – 7 сынып оқушылары арасында «Тоғызқұмалақ» сайысы өткізілді

8- 10 сыныптар арасында «Арқан тартыс, «Асық ату» сайыстары өткізілді

            https://www.instagram.com/p/Cp4Z6Y2tEJM/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

            https://www.instagram.com/p/Cp2XI_HtPfE/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

            https://www.instagram.com/p/Cp4tRN3NV2k/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Мереке қарсаңыгда, мектептің «Өзін - өзі басқару» ұйымының оқушылары бастауыш сынып оқушыларын «Наурыз» мерекесімен құттықтап,  оқушыларға  тәттілер таратты.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегеге, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурызды халқымыздың асыға күтетіні осы себептен болса керек.

Новости