"Математикалық сауаттылық" апталығы.
"Математика айналамызда" математика сауаттылық аясында 1 "Ә" сынып оқушыларымен "Мен математикамен доспын" атты математикалық ребус және сөзжұмбақ сайысы өтті. Сөзжұмбақты шешу баланың тапқырлығын дамытып, қиын жағдайдан шығудың жолын табуға үйретеді, бұл әрине өмірде пайдасын тигізеді. Ребусты табу арқылы балалардың сөздік қорын толықтырады, зейіні мен қиялдық ойлауын дамытады, көрнекі есте сақтауды жаттықтырады, дұрыс жазуға, жаңа сөздерді есте сақтауға үйренеді.