back-image
Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)
"МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ" АПТАЛЫҒЫ.
29-01-2023 21:40
«Математика айналамызда» атты математикалық сауаттылық апталығының соңғы күнінде  7- сыныпта «қысқаша көбейту формулалары» тақырыбында  ашық сабақ өткізілді. Сабақтың құрылымына қарай сабақ барысында заманауи әдіс- тәсілдер қолданылып, тапсырмалар тек тақырыпқа байланысты ғана емес  математикалық сауаттылыққа негізделген тапсырмалар да шешімін тапты.  
Американдық педагог-математик Д.Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, ондағы стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың сауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». 
Математикамен шұғылданған адам өзінің ой өрісі мен зеректігін дамытып, мақсатына жету үшін табанды болуға ерік-жігерін тәрбиелей алады. Сондықтан да мұғалімге де, дәрігерге де, артиске де, және суретшіге де және т.б. мамандықтар иелеріне математика қажет.
Новости