back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай" кешені" (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы "Тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай" кешені" (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы "Тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ
28-10-2023 23:05
КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ
КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ
???????? Қазақстандық мектептерде күзгі демалыс басталды. Оқу-ағарту министрлігі оларды «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өңірлерге жолдады.
❗️ Білім беру ұйымдары кітапханаларды, мұражайларды, спорт кешендерін, ғылыми қоғамдастықтар мен балалар бірлестіктерін тарта отырып, мәдени-демалыс, спорттық және шығармашылық бағытындағы іс-шаралар жоспарын әзірлеуі қажет.
????????‍♀️????????‍???? I. Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын жасау: кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі кәсіптің үздік өкілдерімен кездесулер өткізу.
????????‍????????????‍???? II. Өмірдің қиын жағдайына тап болған, үйде оқитын оқушылар үшін мына шараларды: виртуалды экскурсиялар, онлайн жарыстар, психологтармен іс-шаралар, белгілі бір пәндер бойынша кеңестер ұйымдастыру маңызды.
???? ????‍????‍????‍???? III. Ата-аналармен өзара қарым-қатынас құру барысында: балалармен бірлесіп, мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, экскурсиялар, интернет-марафондар, ата-аналарға арналған конференциялар мен форумдар өткізу.
????????????‍???? IV. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары: құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар органдарының өкілдерін шақырумен балаларды тәрбиелеу және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша кеңестер ұйымдастыру.
????️ V. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектептің де, ата-аналардың да басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, аталмыш іс-шараларды өткізбес бұрын күзгі демалыс кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына өмір қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау туралы нұсқаулық жүргізу маңызды.
????????️ Демалыс кезеңінде ұсынылатын барлық іс-шаралардың тізімі ақпараттық стендтерде, білім беру ұйымдарының веб-сайттарында орналастырылып, олар ата-аналарға таныстырылуы қажет.
Еске салайық, биылғы оқу жылында күзгі демалыс 30 қазаннан басталып 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды.
Новости