Ұстаздық жолды таңдаған әрбір маман иесі бұл сөздің мағынасын тереңнені түсінетін анық. Ұстазына қарап мектептің қандай екенін білуге болды. Биылғы жылдағы дәстүрлі «Ұстаздар» мерекесі әдеттегіден өзгеше деңгейде өтті. 2021 жылдың 1 қазаны күні мектебімізде «өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды. Бір апта бұрын «өзін-өзі басқару» күнін ұйымдастыру жоспары жасалып, сол жоспар бойынша жүзеге асырылды. Жоғарғы сынып оқушылары төменгі буындарға мұғалімдердің орнына сабақ берді. Оқушылар ұстаз болып, шеберліктерін байқата білді. Әрбір оқушы өзіне тиесілі сабақтарға жоғары деңгейде дайындалып, өздеріне сабақ берген ұстаздарынан алған тәлім-тәрбиелерін іс жүзінде тамаша қолдана білді.
«Өзін-өзі басқару» күнінің ерекшелігі оқушылар тек сабақ өткізіп қана қоймай, сынып белсенділері мектеп әкімшілігінің ішкі жұмыстарына да араласып, өз шеберліктерін танытты. Бірі директор болып басшылықты қолына алса, бірі тәрбие жұмысының меңгерушісі болып, бір сәт болсын өздерін білікті маман ретінде көрсете білді.
Сонымен қатар мектебімізге ардақты ардагер ұстаздарымыз шақырылып «Ұстаздар- ұлы тұлғалар» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс- шараға 3-9 сынып аралығындағы оқушылар белсене қатысты. «Жас Ұлан» ұйымы мен «Мектеп парламенті» мүшелері таңертең мұғалімдерді құттықтау сөздерімен қарсы алып «Үздік мұғалім» деген эмблема тақты.