back-image
КГУ "Опорная школа им. Ыбырая Алтынсарина (ресурсный центр)"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Опорная школа им. Ыбырая Алтынсарина (ресурсный центр)"
12 қараша күні 8-9 сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң және тәртіп”тақырыбында маңызды кездесу өтті
19-11-2025 15:17
12  қараша күні 8-9 сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң және тәртіп”тақырыбында маңызды кездесу өтті
12 қараша күні 8-9 сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң және тәртіп”тақырыбында маңызды кездесу өтті. Бұл шараға Нұра ауданының полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы,аға лейтенант Ибитанова Ә.Т. және ішкі істер министрлігінің ардагері,полиция майоры Ерниязов Ж.Т. қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты:
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, вандализм сияқты жағымсыз әрекеттердің зардаптарын түсіндіру және оларды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
• Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері: Оқушылар 16, 18 жасқа толғанға дейінгі және одан кейінгі өздерінің заң алдындағы жауапкершіліктері туралы нақты ақпарат алды.
• Қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың айырмашылығы: Құқық қорғау органының өкілі әртүрлі заң бұзушылықтар үшін қарастырылған жазалар (айыппұл, есепке алу, бас бостандығынан айыру) туралы мысалдармен түсіндірді.
• Киберқауіпсіздік және интернеттегі тәртіп: Әлеуметтік желілердегі заң бұзушылықтар (жала жабу, бопсалау) және олардың салдары сөз болды.
• Құқық қорғаушылар оқушыларды заңды құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және кез келген қиын жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.
Кездесу оқушылар үшін өте пайдалы және танымдық болды. Олар құқықтық жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығын тереңірек түсінді
Новости