Бірыңғай «Жас Қыран, Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімі
22 қазан күні М.Жұмабаев ЖББ мектепте Республика күніне Бірыңғай «Жас Қыран, Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімі өткізілді.
«Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға мектебіміздің құрметті қонақтары: ауданымызға көп еңбегі сіңген, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, инженер, қазіргі таңда зейнеткер Қаңтарбай Орынтай ағамыз бен Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің подполковнигі (зейнеткер) Жолболдин Қайролла Шәріпұлы ағамыз өздерінің жүрек жарды тілектерін білдіріп, туымыз түстес көгілдір галстуктарын табыстады .
Жиын соңында «Жас Қыран, Жас Ұлан» ұйымының мүшелері ант қабылдап, ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстырылды.