Жыл оқушысы
"Жыл оқушысы" республикалық конкурсы жоғары уәжді және дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі Қазақстандық қоғамның зияткерлік элитасы болатын оқушыларды даярлау болып табылады.
Осы мақсатта М.Жұмабаев атындағы ЖББМ атынан жастық топ бойынша Кеңесова Гүлден-(6сынып), Идрисова Жания(8сынып) және Өмірзақ Аяулым(10сынып) "Жыл оқушысы-2022"республикалық конкурсында бақтарын сынады.
Конкурс 5 кезеңнен тұрды:
1)Өзін-өзі таныстыру;
2)Тақырып бойынша эссе жазу;
3)Шешендік шеберлік конкурсы;
4)Портфолио;
5)Өнер сайысы.
Конкурс қорытындысы бойынша Кеңесова Гүлден-1орын, Өмірзақ Аяулым-2 орынға ие болды. Кеңесова Гүлден облысқа жолдама алды. Гүлденге сәттілік тілейміз!