«Атасын сыйлаған абыройға бөленер» тақырыбында сынып сағат
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 «А»сынып оқушыларымен «Атасын сыйлаған абыройға бөленер» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушы бойына рухани адамгершілік,имандылық қасиеттерді ұғындыру,дамыту.
Бабалардан қалған ұлағатты,ғибрат аларлық сөздерден өнеге алуға баулу. Ата-бабаларымыздан қалған бай мұраны оқып,үйренуге тәрбиелеу болды. Сынып сағаты барысында алдымен отбасы ішіндегі әке мен атаның рөлі, әкеге құрмет, атаның баталы сөздерінен бастау алып, видеоролик тамашалады. Кейін сынып сағаты тапсырмалар легімен жалғасын тапты. Оқушылар батаның түрлерімен танысып , тапсырманы жұмыла кірісіп орындады.