Бүгін Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 және 4 сынып оқушыларымен Ж.С.Елтай мен Д.К. Акимжанова қарттар үйінде “Қарттарым - асыл қазынам” атты мерекелік концертін өткізді. Ата-аналардың демеушілігімен қайырымдылық дастарқаны жайылып, ата-әжелерге тәтті тағамдарын ұсынды. Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап, құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада оқушылар жүрек жарды лебіздерін білдіріп, ашықхаттарын сыйлады. Оқушылар ата-әжелерімізге жақсы көңіл күй сыйлай білді. Би билеп, ән айтып, күй тартты. Шара соңында ата-әжелеріміз оқушыларға жылы лебіз, тілектерін айтты.
“Қарттарым - асыл қазынам”