“Алтын сақа” олимпиадасы
29 қыркүйек Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінде 5-6 сыныптарда “Алтын сақа” олимпиадасы өтті. Аталмыш олимпиада офлайн ұйымдастырылды. Жалпы олимпиадаға 5-6 сыныптар арасынан 22 оқушы, оның ішінде 5 сыныптардан 18 оқушы, 6 сыныптан 4 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы төмендегідей көрсеткішті көрсетті: 5 сыныптардан Ерғалиев Жігер І орын, Орынтай Әлиасқар ІІ орынды иеленсе, Байгуланова Жігер ІІІ орынды иеленді. Ал 6 сыныптар бойынша Ташев Жантуар І орын, Нұрмағанбетов Ерсана ІІ орынды, ал Уябекова Камила ІІІ орынды иеленді.
Жүлделі орындарға ие болған оқушылар “Алтын Сақа” олимпиадасының аудандық кезеңіне жолдама алды. Жас математиктерге сәттілік тілейміз!