2 қазан Қорлан Айдосқызы Төлеубекова 9 сынып оқушыларымен "Ұстаздар - ұлылардың ұлысы" атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты мазмұнды, әсерлі өтті. Өнеге сағатының барысында "Ұстазға тілек" тақырыбында оқушылар ұстаз деген әрбір жанның өміріндегі ерекше орын алатын тұлға екенін айтып, жүректен шыққан жылы лебізін білдіру мақсатында тілектерін жазды. Жас ұрпақтың бойында ұстазға деген құрметті арттыру мақсатындағы ұйымдастырылған сынып сағаты өте жоғары деңгейде өтті.
"Ұстаздар - ұлылардың ұлысы"