back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Баланың алғашқы ұстазы - ата-ана»
09-11-2023 17:08
«Баланың алғашқы ұстазы  - ата-ана»
Қараша айында ата-аналарды қолдау бағдарламасы аясында  5 “Ә” сыныбының жетекшісі Балабекова Жазира Ерболатқызы «Баланың алғашқы ұстазы  - ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. 
Мақсаты- бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде отбасының рөлін дамыту.
Жиналыс барысында ата-аналар “Stop қимыл” арқылы екі топқа бөлініп, одан кейін «5 қадам» әдісі арқылы өздерін таныстырып шықты. 
Келесі бөлімінде “Балаңызды қаншалықты жақсы білесіз?” атты айдары өтті, ата-аналар балаларына қатысты 10 сұраққа жауап беру арқылы қаншалықты баласына жақын екендігін шкалалар арқылы анықтады. 
Үшінші бөлімде: әр топқа әртүрлі ситуациялық жағдайлар ұсынылды. 
Төртінші бөлімде: «5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» бойынша мектебіміздің психологы А. Жомартқызы орта буынға келген оқушылардың бойында болатын мінез-құлықтарының өзгеруі, шаршаңқылық сезімі, көңіл-күйдің жиі ауытқуы, оқу үлгерімінің төмендеуі туралы ортақ пайда болатын мәселелермен  күресу жолдарын түсіндірді. Мектептегі оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында алынған "Филлипс" тестінің нәтижесімен таныстырды. Гумандық тәрбиеден тәрбиенің альтернативті жолына көшудің тиімділігі мен бала өміріне тигізер оң ықпалын айтып өтті. Бесінші бөлімде:  «Хат арнаймын саған балам» рубрикасында ата-аналар балаларына арнап хат жазып, жауап ретінде балаларының анасына деген ыстық лебізді хаттарын алды. 
Жиналыстың соңында ата-аналар ризашылықтарын білдірді.
 
#БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ
Новости