back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»
10-11-2023 10:44
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»
Бүгін, мектебімізде «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»  атты мектепішілік қыздар жиналысы өтті. 
Жиын мақсаты-қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз жолға түспеуге тәрбиелеу.
Жиынға арнайы мектебіміздің «Әжелер мектебінің» мүшелері К. О. Акимжанова, К. Мусина, М.Шамелхан «Қызға қырық үйден тыю,қала берсе қара күңнен тыю" қыз бала қоғамның, елдің, ұлттық тыныс - тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан - жақты жетілген қыз бала тәрбиелі болуы керек жөнінде қыздарға әжелік ақылдарын айтты. Сонымен бірге Нұра ауданының аурухана маманы А.А.Сартаева, Ж. М. Тусупова
акушер гинеколог дәрігерлері жеке бас гигиенасын сақтау, тазалық қасиеттері, жыныстық қарым-қатынастарды алдын алу шаралары бойынша дәріс өткізді.
Новости