back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
"Нашақорлықпен күрес "
13-11-2023 15:10

Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты жолдары айқындалған сынып сағаты "Нашақорлықпен күрес " тақырыбында өтті. Есірткі химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары.Есірткі – қазіргі қоғам қасіретіне айналып отырған дүние. Есірткі көп адамның дертіне, қалауына айналуда. Бір сәттік рахат – бүкіл өміріңді құрту.Нашақорлардың зияны өзімен қоса өзгені өз қатарына қосуы. Міне, осы үлкен мәселе. Бұған кім кінәлі? Осы сауал негізінде сынып сағаты өткізіліліп, көп сұрақтың жауабы табылып,ой таразысына салып,талдау жүргізілді. Өміріңді қор қылып, нашақорлықпен өткізуді елестетудің өзі азап екендігі турасында видеоматериал тамашалады.Есірткімен күресті ең алдымен мектеп қабырғасынан бастау керек мақсатында "Толық адам сұлбасы" жаттығуы жасалынды. Егер бала осындай зиянды дүниелердің азабы туралы хабардар болса және оның шынымен де өте күрделі, қиын мәселе екендігіне көзін жеткізе білсек, сонда ғана балаларымызды сақтандыра алдық деуімізге болады. Өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс үлгі болу, жақсылыққа жетелеу біздің міндетіміз. Сол үшін сөзбен де, іспен де дәлелдеп, болашағымызды жарқын етейік.#БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ

Новости