“Кітап құпиялары”
Он үшінші қараша күні мектебіміздің мектепке дейінгі бірлістігінде “Кітап құпиялары” атты оқу сауаттылық апталығы басталды. Мақсаты: тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту бойынша топтардағы жұмысты жандандыру.
Апталықтың ашылуына орай әр топ/сынып тақырыпқа сай безендіру жұмыстарын жасады. Мектепалды сынып оқушылары кітап туралы нақыл сөздер, өлеңдер жатқа айтты.Және де оқушылар кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханаға саяхаттады.
Ал, шағын орталық тәрбиеленушілері “Кітаптың шығу тарихы” бейнеролигін тамашалап, сол тақырыпқа әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар “Мнемокесте-сақта есте!” мнемотехника әдісін пайдалану арқылы мектепалды сыныбының оқушылары тақпақтарды жаттап, жапсыру ұйымдастырылған іс-әрекетте қолдан кітапқа арналған бетбелгі жасады.
Апталықтың бірінші күні қызықты, әрі мағыналы өтті.
#umcro#кітапқұпиялары