«Оян, ар мен адалдық»
Мектебіміздің 2 "А" сынып оқушыларымен жетекшісі К.М. Абишеваның ұйымдастыруымен «Оян, ар мен адалдық» атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты-оқушыларды әдептілікке, инабаттылыққа, сыпайы сөйлеуге, әр ортада өзін ұстай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар «Жалғастыр» ойыны арқылы әріптерден адам бойындағы жақсы қасиеттерге байланысты сөздерді тауып жазды. Оқушылар мақал-мәтелдердің ішінен әдептілікке байланысты мақалдарды тауып, екінші бөліктерін жинап құрастырды. Оқушылар белсенді қатысты.