Күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету, баланың өмірін сақтауға көмектесетін ережелерімен түсіндіру, бейтаныс адам мен қауіпсіздік арақашықтығын сақтау, қорғаныс әдістерімен таныстыру мақсатында мектебіміздің педагог - психологы балалар қауіпсіздігі бойынша аудандық деңгейдегі мектеп жаттықтырушысы Сулейменова Айнұр Жомартқызы және балалар құқығын қорғау бойынша өкілі 10 сынып оқушысы Нұрмақ Досымжанмен бірлесіп бастауыш сынып оқушылары арасында "Жеке қауіпсіздік" тақырыбында тренинг - сабақ өткізді. Тренинг-сабақ барысында оқушылар "Жеке қауіпсіздік деген не?", "Баланың өміріне қауіп төндіретін адамдар кімдер?", "Қылмыскердің түр - келбеті қандай болады?", "Бейтаныс адам мен баланың арақашықтығы қанша болу керек?", "Қауіпті және қауіпсіз орындарға қандай орындар жатады?" т.б. өзекті сұрақтарға жауап алып, "Тоқта! Жақындама!", "Картоп қабы" қорғаныс жаттығуларын жасады.
"Жеке қауіпсіздік" тақырыбында тренинг - сабақ