«Елін сүйген ердің ізі»
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Елін сүйген ердің ізі» тақырыбында белгілі ақын, публицист, әдебиетші ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, ұлт қайраткері Бүркіт Ысқақов шығармаларын жатқа оқу мектепішілік кезеңі өткізілді.
Мақсаты: Бүркіт Ысқақұлының шығармашылығын ауыл көлемінде кеңінен насихаттау. Мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілеті, табиғи дарынға ие тума таланттарды анықтау.
Бұл жолғы мәнерлеп оқу сайысы ерекше форматта орын алды. Бірінші кезекте мектеп оқушыларының қатысуымен "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?"ертегі желісімен түсірілген қойылымды тамашалады. Қойылым барысында түрлі сұрақтар қойылып , жауаптар алынды. Конференция барысында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казимова А.З.
жерлесіміз , ақиық ақын жайлы құнды деректермен бөлісіп, ақынның сырға толы өмірбаяны жайлы баяндап шықты. Ақпаратқа толы шара барысында оқушылар да шығарманың мән-мағынасына үңілу арқылы шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Кітапханашы З.Д.Жанщина ақынның еңбектерімен қатар, Qr -код арқылы оқушылармен жұмыстар жүргізді. Шараға қатысушы оқушылар сурет салып , шығармашылық әлеуеттерін бекіте түсті.
Жалпы конференцияға 33 оқушы қамтылды. Аудандық мәнерлеп оқуға Кеңесова Гүлден,Қуаныш Фатима, Қордабай Еркенұр,Кеңес Арғын жолдама алды.
Конференцияға қатысықан оқушылар мадақтама, алғыс хаттармен марапатталды.