“Отбасы-бақыт мекені”
Қараша айының 20 жұлдызында 4 “ ә” сыныбының жетекшісі Д.К.Акимжанованың ұйымдастыруымен “Отбасы-бақыт мекені” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: оқушылардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата - ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алтын қазығы - өз туған ұясы екенін ұғындыру.Оқушыларға бақытты отбасының мейірімділігі мен бірлігін нығайтудағы отбасының рөлін түсіндіру.Сынып сағатында оқушылар өзінің отбасы туралы, отбасылық мереке күндерін қалай өткізетінін ортаға салды.Сынып сағаты барысында оқушылар тақтадағы суреттер арқылы мақал- мәтел құрады және “Ойды толықтыр” топтық тапсырмасын орындады. “Отбасы” тақырыбында шағын эссе жазды.
Сынып сағатының соңында шаңырақты ұстап, әр оқушы бақытты отбасының ережесін айтты. Барлық оқушы белсене қатысты.