Ағымдағы жылдың 30 қараша күні математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, оқыту қазақ сыныбындағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы мен 7-8-сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді .Олимпиада "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен республикалық олимпиаданы өткізу Ережесіне сәйкес өткізілді. Республикалық олимпиадаларының мектепшілік кезеңіне Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптар арасында 34 оқушы ал 7-8 сыныптар арасында 42 оқушы қатысты.Мектепшілік кезеңнен өткен қатысушыларымызға алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!
Мектепішілік олимпиада