Қараша - желтоқсан аралығында " Зорлық - зомбылықсыз 16 күн" республикалық науқаны аясында мектебіміздің педагог - психологы Айнұр Жомартқызы мектеп оқушылары арасында " Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ " тақырыбында психологиялық тренинг - сабақтар ұйымдастырып өткізді. Сабақтар кезінде оқушылар зорлық - зомбылық (буллинг, кибербуллинг) туралы мағлұмат алып, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсінді. Тренингте балалар өз орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға үйренді. Жағдаяттық сұрақтарға белсенді жауап беріп, қызығушылықтарын танытты.
" Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ "