back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
«Квадраттық функция»
23-02-2024 16:23
«Квадраттық функция»

Бүгінгі таңда мұғалім дәстүрлі сабақ өтумен шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Ол үшін мұғалімнің өзі барынша шығармашыл,ізденімпаз болу керек. Сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары болуы тиіс. Яғни, бүгінгі заман талабына сәйкес мұғалім көшбасшы. Үнемі көштің басында жүру әрине қиын, дегенмен бұл-жаңа дәуірдің талабы. Ұстаздық бірден қалыптаспайды, мұғалімдіктің шыңына жеткен жан ғана нағыз ұстаз деп айтуға болады. Жылда мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда мектеп тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп, еліміздің беделді жоғарғы оқу орындарына «мұғалім» мамандығы бойынша оқуға түсіп мемлекеттік грант иегері атануда. Біздің мектептің 2020 жылғы түлегі, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетінің, математика фаультетінің 4 курс студенті Дүйсенбі Жанерке тәжірибеден өтуде. Диплом алдындағы тәжірибеден өту барысында кәсіби-педагогикалық қызметке дайындық деңгейін қорытындылау үшін ,өзі білім алған мектебін таңдап алғаны жанымызға қуаныш ұялатады. Тәжірибе барысында сабақты оқу мақсатына сай жоспарлау, сабаққа берілген 45 минутты дұрыс жоспарлау,оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін жаңа инновациялық технологиялардың өз сабақтарында, қолдану жолдарына тоқталып, сабақ барысында жаңа технологияларды қолдануда қандай жетістіктерге жеткендіктерін іс жүзінде көрсете білді. 8 «ә» сыныбында «Квадраттық функция»тақырыбында өткізген саяхат сабағынада, Астана қаласына саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) тиімді әдіс тәсілдерді ұтымды пайдаланылды. Геометрия, сызу, қазақ әдебиеті сабақтарымен тиімді пәнаралық байланыс жүргізді. Нәтижесінде оқушылар Квадраттық функцияның қасиеттерін график арқылы білді, графикалық функциямен GeoGebra платформасы арқылы сәйкестендіре алды, алгоритм арқылы функция графигін сала білді. Білім баспалдағы мектептен басталады. Сондықтан, бойдағы ерік-жігер, қарым-қабілетті, алған білімді балалар санасына сәуле етіп құю үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Ұстаз талапты болса, шәкірт талантты болады» деген нақыл сөз осыны аңғартады. Жарқын болашақ білімі мен білігі толысқан, ұлтының терең тарихы мен бай тілінен сусындаған, ойы озық, өрісі кең, рухы биік, талабы таудай жастардың қолында!

#кәсіптікбағдарберу

Новости