back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Ең үздік ауыл мектебі» номинациясы
11-12-2025 15:13
«Ең үздік ауыл мектебі» номинациясы
Ауыл мектептерінің 9–11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінің жүлдегерлері мен жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні Қарағанды қаласында өтті.
Салтанатты шараға мектебімізден 6 оқушы Ахметов Рауан (11 сынып), Усербаев Дидар (11 сынып ), Макишева Ақерке (11 сынып), Шалдыбаев Ернұр (10 сынып), Разакова Сания (10 сынып), Тасболат Наргиза (10 сынып) қатысты. Марапаттау рәсіміне Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қатысып, жүлдегерлер мен жеңімпаздарға жылы лебізін білдіріп, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.
Ауыл мектептері оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін Нұра ауданы Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы «Ең үздік ауыл мектебі» номинациясымен марапатталып, Заманауи ІТ кабинеттерін жабдықтау үшін 20 млн. сертификаты табысталды.
Жас дарындарымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Новости