“Тарих толқынында” тарихи сауаттылық апталығы аясында “Қара жорға” таңғы жаттығуы 1–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Шараның басты мақсаты – оқушыларды ұлттық би өнері арқылы салауатты өмір салтына баулу болды. Таңғы жаттығуға барлық сынып оқушылары белсенді қатысып, ерекше көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен рухани тәрбие беру негізгі назарда болды. “Қара жорға” биі арқылы оқушылардың бірлікке, ұйымшылдыққа деген сезімі нығайды. Шара оқушыларға сергектік сыйлап, жағымды әсер қалдырды.


