«Заң және тәртіп» жобасы аясында М. Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясында оқушылармен мазмұнды әңгімелесу өтті. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке қатысты «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында оқушылар өз құқықтары мен жауапкершілігі туралы маңызды мәліметтер алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Психологиялық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын мектеп психологы Сүлейменова А.Ж. жүргізді.
Мақсат — құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.


