«Адал бала – ел болашағы» тақырыбында тәрбие сағаты
2 «А» сыныбында «Адал бала – ел болашағы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар бейнеролик тамашалап, адалдық туралы өз ойларымен бөлісті. Қауіпсіздік сабағы аясында «Өнімдерді дұрыс таңдау» тақырыбы талқыланды.
Сондай-ақ «Жақсы», «Жаман», «Адалдық» тақырыптарында топтық тапсырмалар орындалып, оқушылар белсенділік танытты.
Адалдық – әр баланың бойындағы ең асыл қасиет.


