2026 жылғы 9 қаңтар күні 2 «Б» сыныбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – 2025–2026 оқу жылының ІІ тоқсанының қорытындысын ата-аналарға таныстыру.
Жиналыс барысында сынып жетекшісі оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі, сабаққа қатысуы, оқу жылдамдығы мен жазу дағдыларының қалыптасуы туралы жан-жақты ақпарат берді. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың басым бөлігінде оқу дағдыларының ілгерілеуі байқалатыны айтылды. Сонымен қатар кейбір оқушыларға қосымша қолдау қажет екені атап өтілді.
