back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
«Қаржылық саяхат» қаржылық сауаттылық апталығы
26-01-2026 11:14
«Қаржылық саяхат» қаржылық сауаттылық апталығы

2026 жылдың 12 қаңтарында мектепке дейінгі бірлестігінде «Қаржылық саяхат» қаржылық сауаттылық апталығы аясында жоспарға сәйкес бірқатар танымдық және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралардың мақсаты – тәрбиеленушілерді ақшаның мәні мен қызметімен таныстыру, еңбек пен табыс арасындағы байланысты түсіндіру, «қалау» мен «қажет» ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Апталықтың ашылуында «Ақша еліне саяхат» атты ойын-сауық флешмобы ұйымдастырылды. Іс-шараға барлық топ тәрбиеленушілері мен музыка жетекшілері қатысып, балаларға қаржы әлемі туралы алғашқы түсінік берілді.

«Ақша қайдан келеді?» тақырыбында ұйымдастырылған танымдық іс-әрекетінде балалар еңбектің нәтижесінде табыс табылатынын, ақшаның пайда болу жолдарын білді.

«Балалардың көзімен ақша әлемі» тақырыбында суреттер көрмесі және шығармашылық шеберхана өткізілді. Балалар «Менің копилкам», «Мен дүкенде тұрмын», «Арман монетасы» тақырыптарында өз қиялдарын сурет арқылы жеткізді.

Новости