2026 жылғы 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты мектепалды дайындық және 1-11 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Мектеп ұстаздары ZOOM платформасында және WhatsApp желісі арқылы презентациялық материалдарды, бейне сабақтарды қызықты тапсырмаларын пайдалана отырып оқу сабақтарын өткізді.
Оқушылар тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болған жағдайда бір-бірімен алдын-ала құрылған чат арқылы қарым-қатынасқа түсіп, берілген тапсырманы сыныптағыдай жан-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашып, шешу жолдарын бірлесіп табуға мүмкіндіктері болды. Қашықтықтан оқыту – оқушыға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Тек бұл жүйеде жақсы жұмыс істеу үшін ғаламтордың озық қосымшасы болу қажет. Мектеп ұстаздары сабақтарына жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіспен өткізді. Оны оқушылардың жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болды. Қашықтықтан оқу арқылы ұстаздар өз тәжірибелерінде шеберліктерін де арттыра білді.



