«ДОСБОЛLIKE» — достық пен өзара құрмет алаңы
Мектебімізде «ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында
«Буллингтен қорған!» бағыты бойынша
6 «А» сыныбымен сынып сағаты өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу, бір-бірін қолдау, сыйластық пен қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ диджитал ортада өзін дұрыс ұстауға үйрету.
???? Кездесу барысында 10 минут қауіпсіздік сағаты өткізілді.
???? Қауіпсіздік сағатының тақырыбы: «Мұздағы қауіпсіздік».
????⚕️ Іс-шараны ұйымдастырып, өткізген:
мектеп психологы — Сулейменова А.Ж.
???????? сынып жетекші — Хамидулла Ж.Ж.
???? «ДОСБОЛLIKE» — буллингсіз орта, саналы ұрпақ!


