back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
«Буллингтен қорған!» тақырыбында 6»Ә» сыныбында қауіпсіздік сабағы
26-01-2026 11:43
«Буллингтен қорған!» тақырыбында 6»Ә» сыныбында қауіпсіздік сабағы

Оқу-тәрбие жұмысы аясында оқушыларға арналған «Буллингтен қорған!» тақырыбында 6»Ә» сыныбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – жасөспірімдерді буллингтің түрлерімен таныстыру, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және қыс мезгіліндегі мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Сабақ барысында оқушыларға буллинг және кибербуллинг ұғымдары түсіндіріліп, оның психологиялық және әлеуметтік зияны айтылды. Диджитал ортада жеке ақпаратты қорғау, бейтаныс адамдармен байланысқа түспеу, жағымсыз хабарламаларға жауап бермеу және көмек сұрау жолдары талқыланды.
Сонымен қатар «Мұздағы қауіпсіздік» тақырыбы қамтылып, жұқа мұздың қауіптілігі, мұз үстінде жүру ережелері және төтенше жағдайда өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы мәлімет берілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қауіпсіздікке қатысты сұрақтарға жауап берді.

Сабақ қорытындысында оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты екенін түсінді. Өткізілген сабақ жасөспірімдердің жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Новости