2026 жылдың 19–21 қаңтар аралығында 6 «А» сыныбында математика пәнінен тізбектелген сабақтар сериясы басталды. Алғашқы сабақты мұғалім Хамидулла Жұлдыз Жомартқызы «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген сызықтық теңдеулер» тақырыбында өткізді.
Сабақ барысында заманауи интерактивті әдістер кеңінен қолданылды. Үй тапсырмасы Genially платформасындағы «Боулинг» ойыны арқылы тексерілсе, жаңа тақырып тақтамен және дәптермен жұмыс жасау арқылы бекітілді. Оқушылардың зейінін арттыру мақсатында game.afifedu.com сайтында «Арқан тарту» математикалық жарысы ұйымдастырылды.
Білім алушылардың еңбегі асықтар арқылы критериалды жүйемен бағаланып, сабақ соңында интерактивті тақтадағы түрлі-түсті асықтар көмегімен кері байланыс жасалды. Оқушылардың белсенділігін арттырған сабақ өз мақсатына жетті.



